Пауэлл нарықты қорқытады, бірақ оған ешкім сенбейді

ФРЖ мөлшерлемені түзетеді

SP500

Негізгі аймақ 6,800 - 6,900

Buy: 6,950 (күшті оң негізгі көрсеткіштер бойынша); нысана 7,100; StopLoss 6,880

Sell: 6,800(6 900 деңгейін қайта тексергеннен кейінгі кері шегіну кезінде); нысана 6,700-6,650; StopLoss 6,870

Нарықтағы пікірталастарға қарамастан, ФРЖ ставканы тағы 0,25%-ға төмендетті. Алғашқы реакция қалыпты позитивті болды: S&P 500 +0,7%, Nasdaq +0,3%, Dow шамамен +500 пункт. Бірақ индекстер баяғыдан тарихи максимумға жақын болғанын ұмытпайық. Азия нарықтары аралас динамикада: Nikkei нөлге жақын қозғалып тұр, оған корпоративтік факторлар және доллар әлсіреген кезде иенаның нығаюы қосымша қысым жасап отыр.

Шешім нарық бағасына алдын ала енгізілгендіктен, мөлшерлемені төмендетудің әсерін орта мерзімде ғана бағалауға болады. S&P 500 үшін базалық орта мерзімді сценарий – трендтің жалғасуы немесе максимум маңында 5–10% диапазонда консолидация, бірақ бұл еңбек нарығында күрт нашарлау болмайтынына және инфляция бәсеңдеуін жалғастыратынына байланысты.

Негативті сценарий – еңбек нарығының жағдайы күрт нашарласа, табыс болжамдары қайта қаралып, мультипликаторлардың қысылуы болады. Мұндай жағдайда тіпті төмен мөлшерлеме кезеңінде де баға нақты құлдырауы немесе кем дегенде терең түзету болуы мүмкін.

Nasdaq та мөлшерлеме төмендеуінің бенефициары, бірақ тәуекелі жоғары. Алдағы 3–6 айда тыныш «бычий» сценарий ықтимал, бірақ инфляция бойынша кез келген жағымсыз жаңалыққа күрт реакция болуы мүмкін.

Қиын экономикалық жағдайда және мөлшерлеме саясатын жұмсартуға тырысатын ФРЖ кезеңінде орта мерзімді инвестицияға ұтымды болуы мүмкін компаниялар:

  • AI және бұлттық технологияларға тұрақты сұранысқа ие: Nvidia, Microsoft, Broadcom, Amazon, Alphabet, AMD, Apple, Meta Platforms, Salesforce, Oracle.
  • Төмен ставкалар мен трежерилердің кірістілігіне сезімтал компаниялар: Netflix, Trade Desk, Spotify, Disney, T-Mobile, Warner Bros.
  • Маржасы тұрақты, қарызы төмен өндірістік және өнеркәсіптік алыптар: Honeywell, Caterpillar, John Deere, GE Aerospace, Lockheed Martin, UPS, 3M.
  • Әрине, ең үлкен пайда — ірі банктерде: JPMorgan, Bank of America, Goldman Sachs, Morgan Stanley, Wells Fargo, Citigroup, Berkshire Hathaway.

Қазіргі нарық — классикалық «бәрі бәрін сатып алады» кезеңі емес. Инвесторлар өте таңдаулы. Басты бақылау көрсеткіштері: NFP, жұмыссыздық деңгейі, JOLTS, ISM (қызмет және өндіріс), 10Y UST динамикасы және 2Y–10Y спрэді.

Түйін: Пайда тек мөлшерлеме төмендеуінен ұтатын, бірақ экономиканың тез жеделдеуіне тәуелді емес секторларда болады.

Сондықтан ақылмен әрекет етіп, босқа тәуекелге бармаймыз.

Баршаңызға пайда тілеймін!